+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Отырардың қонақжай шаңырағында"

23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні мен Халықаралық жастар жылына орай Түнгі кітапхана аясында "Отырардың қонақжай шаңырағында" айдарымен ақын Ербек Бакиев, №103 жалпы орта мектебінің мұғалімі, "Білім беру ісінің үздігі" медалінің иегері Шаризат Арыстанова, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің мұғалімі Ақсана Ибрагимовамен еркін форматтағы кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында Е.Бакиевтің зайыбы, "Отырар Тв" телеарнасының "Ерекже жандар" бағдарламасының жүргізушісі Ермаханова Мадина жиылған жұртқа әсем әнін тарту етіп, зор қошеметке бөленді.
Сондай-ақ, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушылары патриоттық өлеңдер жинағынан үзінділер оқыды.
Үлгілі ұстаздар жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу мен білім берудегі тәжірибесі мен жаңаша әдістерімен бөлісті.