+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Қоғамдағы өзекті мәселелер және шығармашылық әлем"

23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні "Түнгі кітапхана" аясында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ф.ғ.к. профессор Бегман Ысқақ, ақын Қ.Көмек,ақын Дәркен Танабаев, журналист Әбсаттар Әліптің қатысуымен "Қоғамдағы өзекті мәселелер және шығармашылық әлем" атты кездесу өтті.
Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды сақтау,әке беделі, ана әдебі, қазақ қызының бүгінгі бейнесі жайында Б.Ысқақтың "Қызым, саған айтам " кітабы туралы пікірлер айтылды.
Қ.Көмек өлеңдерін жатқа оқып, рух туралы ой өрбітті. Ақындар өлең оқыды, журналистер ой қозғады.
Ғалым-хатшы Зылиха Жантасова кешті жүргізіп,өз пікірін білдіріп, шығармашылық және көркемдік жайына тоқталды.