+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімін қалыптастыру және тарату"

2019 жылдың 20 сәуір күні Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, оның ішінде "Рухани жаңғыру" аясында "Өзгерістерді өзіңнен баста" бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жоспарға сәйкес Шымкент қаласы соты мен "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірге "Мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімін қалыптастыру және тарату" аясында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.
Мемлекеттік қызметкерлерге рухани құндылықтарды насихаттау барысында қазақ әдебиетіндегі оқылуға тиіс 25 кітап жайлы жазушы Зылиха Жантасова, кітапхананың директор орынбасарлары Асылзат Арыстанова, Гүлмира Алпысбаева қысқаша мағлұмат берді. Шымкент қаласы бойынша сот әкімшісі басшысының орынбасары Әділбек Көшенов пен баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби қатысқан ой-пікір алмасу кездесуді "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми-хатшысы, жазушы, ф.ғ.к., доцент Зылиха Жантасова жүргізді.