«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 17 сәуір күні «Өнер» бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологтарының қатысуымен «Эмоциялар карнавалы» атты арт-терапия өткізілді.
Арт-терапияның мақсаты – оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге, сүйіспеншілікке, ізгілік қасиеттерге баулу.
Шараға №80, №62 мектеп оқушыларымен мұғалімдері қатысты. Шара барысында оқушылар топ болып жұмыс істеуді, қоршаған ортамен жылы қарым-қатынас тудыруды үйренді.