+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қазақсатндағы "Жастар" жылына орай белгілі айтыс ақындары Б. Байтуов, Н. Әнaпия, Ж. Мырзабек бүгін "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашы қызметін көрсетті

Аты әлемге әйгілі көне Отырар кітапханасында көпшілікке қызмет еткен кітапханашылар ғалымдар, ақын-жазушылар, каллиграфтар болғаны баршаға аян. Сонау бабалардың ізін жалғаған, жаңғыртқан танымал жас ақындарымыз Б.Байтуов, Н.Әнапия, Ж. Мырзабек, А.Бейбітбек бүгінгі күні келген оқырманға жаңа кітаптарды оқуға ұсыныс беріп, оқыған кітабы туралы пікірлесіп, кітапханашы ретінде қызмет көрсетті.
23 сәуір – Халықаралық кітап күні қарсаңында өткен бұл кітап мерекесіне арнайы келген Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Б.М.Касимов, директор орынбасарлары Д.Таукеева, Н.Дарибаева және бір топ кураторларды айтыс ақындары арнайы жыр шашумен қарсы алды. Қонақтарға кітапханаға экскурсия жасалып, жазушы Е.Тұрысовпен сұхбаттасты. Сондай-ақ, кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы мен НЗМ директоры Балқан Маратұлы екі жақты тиімді серіктестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, бірнеше бағыт бойынша жұмысты жандандыру турлы келісімге келді.