+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін"

ЭКСПО-2017 аясында Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Жазушылар одағының және Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен Халықаралық Биенналеде "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, белгілі мәдениеттанушы, "Құрмет" орденінің, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Күлия Смайылханқызы Айдарбекова "Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" медалімен марапатталған болатын. Бүгін сәті түсіп Күлия Смайылханқызын кітапхана ұжымы еңбегінің еленуімен шын жүректен құттықтап, алдағы шығармашылықтарына мол табыс тіледі!!!

Сонымен қатар, кітапхана ұжымы қызметкеріміз Маманова Дана Әбдәмитқызын ОҚО әкімі Ж.Түймебаевтың "Еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін" грамотасымен марапатталғанымен құттықтап, мол табыс тілей келе, қуанышына ортақ, тілектес, ниеттес екенін білдірді.

Кітап мәдениетіне аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз!!!