+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Ғасырдан жеткен жеті құт"

2019 жылдың 10 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселелерді талдау мақсатында "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Қазақстанның педагогикалық академиясы корпоративтік қорының бірлесе ұйымдастыруымен "Ғасырдан жеткен жеті құт" тақырыбында талқылау жиыны өткізілді. Жиынға "Жебе" баспасының директоры, ҚПА президенті Ж.Төлтебай, ҚПА вице-президенті Т.Махалқызы, "Жас Ғалым" журналы редакторы Б.Тәжібаева, кітапханашылар, мектеп директорлары мен оқушылары қатысты.
Іс-шара аясында ҚПА мүшесі Керімбаева Нұргүл мен қаламгер Нұрғали Қадырбаевқа ҚПА "Профессор" атағы берілді.
Сонымен қатар, республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық "Мектеп" журналы бойынша жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері, оқытудағы біліктілігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті үшін біршама мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, республикалық "Жас ғалым" журналы ай сайын ұйымдастырып отырған "Жас ғалым" ғылыми жобасы аясында өзінің терең білімі мен озық ой үлгісін көрсеткен мектеп оқушылары да Алғыс хаттар мен арнайы медальдарға ие болды.