+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Digital Talks» – «Цифрлық Қазақстан»

2019 жылдың 15 сәуір күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Digital Talks» – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қалалық "Жас Отан" жастар қанаты мен "Отырар" ғылыми- әмбебап кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен жастармен кездесу өтті. Кездесуге "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапхана директорының орынбасары Алпысбаева Гулмира, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мемлекеттік қызметкерлердің бағдарламаларының инспекторы, President NGO «Phoenix» Акрамова Шахло Шухратовна, «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің маманы Жұман Жансерік Бауыржанұлы қатысты. Кездесу барысында қазіргі таңдағы оқулықтардың электронды жұмыс жасауы, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау, жастарға жаңа заманауи білім орталықтарының ашылуы, Қазақстанның әлемдегі цифрлық бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай жасалып жатқаны жайында сөз етілді.