+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Француз комиксі қазақ тілінде сөйлейді"

2019 жылдың 9 сәуір күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Шет тілі әдебиеттер секторында Шымкент қаласының Француз Альянсымен бірлесе "Француз комиксі қазақ тілінде сөйлейді" тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
Іс-шараға №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқырмандар қазақ және француз тілінде "Астерик және Обеликс" комиксін оқыды. Сондай-ақ, кішкентай оқырмандар пазлдар жинап, суреттер салды.