2 сәуір – Халықаралық балалар әдебиеті күні
Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2 сәуір – Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай бүлдіршіндердің танымдық сауатын арттыру мақсатында кезекті сурет сабағы өтті. Кітапханамыздың «Өнер» бөлімі және «Ақерке» балалар залының оқырмандары оқыған кітаптарының негізінде балалық шақтың қиял-ғажайып суреттерін қағаз бетіне түсіріп, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін сурет арқылы бейнеледі.