+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Театр - тәрбие ошағы

2019 жылдың 27 наурыз күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Халықаралық театр күніне орай мерекелік шара өтті. Кешке Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының қызметкерлері ҚР Мәдениет қайраткері Е.Шымырқұлов, драматург С.Қасымбек, ҚР Мəдениет қайраткері А.Айнабалаева, ҚР мәдениет саласының үздігі Ұ.Сапаралиева және Шымкент қалалық орыс драма театрының қызметкерлері Землянов Анатолий Геннадьевичпен Жан Камалов қатысып, театрсүйер көрермен қауыммен қауышып, көпшілік назарына әсерлі мерекелік көңіл-күй сыйлады.