+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Тиянақты кітапханашы" жазғы курсы

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын тұрақты түрде өтетін "Тиянақты кітапханашы" атты жазғы сабағы басталып кетті. Маусымның 12-сі мен 16-сы аралығында жазғы курсқа Бәйдібек және Арыс аудандарынан ауылдық кітапханашылар келді. Кітапханашыларға әр бөлім өз бөлімі бойынша оқыту сабақтарын өткізіп, өзара озық тәжірибелерімен бөлісті. Ауылдық кітапханашылар кітапхананың бөлімдерін аралап, кітап көрмелерімен танысып, өздеріне қажетті мәліметтерді алды. Курс аяқталған соң ауылдық кітапханашыларға сертификат берілді.