+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қазақ киносының анасы»

2019 жылдың 18 наурыз күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның Халық әртісі, қазақ театры мен киносының аңызы болған Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың туылғанына – 100 жыл толуына орай «Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші өтті. Оқушыларды Ә.Өмірзақованың өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында өткен еске алу кешіне Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, драматист М.Ілиасқар, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі С.Өтемісов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ.Рахымбердиева, ҚР мәдениет қайраткері А. Жұмабекова қатысып, Ә.Өмірзақованың театрдағы сомдаған рөлдері жайында әңгіме қозғап, естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар, опера және балет театрының солисті Мадихан Дүйсеев Ә.Өмірзақованың сомдаған "Тақиялы періште" фильміндегі әсем әнді көпшілік назарына ұсынды.