2019 жылдың 14 наурыз күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында спорт журналисі, "Шымкент келбеті" газетінің тілшісі Тағабай Қасымның "Өміріме шабыт берген" атты алғашқы кітабының таныстырылымы өтті.
Кітапхананың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға меценат, кәсіпкер Әбдімәжит Сыздықбеков, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, т.б., азаматтар қонақ болды.
Автор кітапта жастар саясатын дамыту, бұқаралық спортты насихаттау, Олимпиада және әлем чемпионаттарындағы жеңісті дәстүрді жалғастыру мәселелері, ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы жөнінде ой қозғайды.
Туған жерін түлету – әр азаматтың перзенттік парызы. Т.Қасым бұл еңбегінде 2011 жылдан бергі Шымкент қаласындағы спорт саласының дамуын сөз етеді.
Кітап Алматы қаласындағы "Полиграфкомбинат" баспасынан 1000 данамен басылып шықты