+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Намыс найзагерлері»

2019 жылғы 12 наурыз күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында облыстық Ардагерлер үйінде Біржан Байтуов, Қажымұқан Абзалов, Нұрлыбек Мейірманов, Нұрғали Әнапия сынды жас айтыскер-ақындармен «Намыс найзагерлері» тақырыбында шығармашылық кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінде рухани өнердің көшін сүйреген халықтың айтыскер ұлдары өз өнерлерін ортаға салып, терме орындап, жыр жарысын ұйымдастырды.
Айтыс өнерінің тарихына қатысты кітаптарды қамтитын көрме оқырман назарына ұсынылды.