2019 жылдың 12 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жас кәсіпкерлермен диалогтық алаң ұйымдастырды.
Кездесу "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық офисінің кураторлары мен бизнесмендер арасында ашық диалог түрінде өтті.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Көмекбаев «Жастар - бұл үлкен өзгерістерге ұмтылуы бар адамдар. Көбінесе жастар қандай да бір мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарайды, олар өршіл және қуатқа толы"- деп атап өтті.
«Ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда» - деп хабарлады жобалық кеңсенің басшысы Е.Төлебаев.
Тренингке ОҚО кәсіпкерлер палатасы, қаламыздың жас кәсіпкерлері мен жоғары оқу орындарының белсенді жастары қатысты.