+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Аналарға алғыс!"

2019 жылғы 5 наурыз күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында "Аналарға алғыс!" тақырыбында мерекелік жыр-кеші өтті. Іс-шара барысында "Ақерке" балалар залының оқырмандары аналарына арнап жыр шумақтарын оқып, келе жатқан мейраммен құттықтады.