+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Іс-жүргізу және архив ісі"

2019 жылдың 4 наурыз күні "Шымкент қалалық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ә.Сейтаева бастаған мекеме қызметкерлері "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Іс-жүргізу және архив ісі" тақырыбында өндірістік сабақ өткізді. Қалалық мемлекеттік архивтер мекемесінің бөлім басшысы Б.Шыңғысбекова "Құжаттарды ведомстволық архивтердің қабылдауы, оның ережесі, сараптама жүргізу, тізімдеме түзі, тарихи анықтама құру, жою актісін жасау, құжаттарды пайдаланудың тәртібі туралы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оның талаптары" жөнінде баяндама жасаса, жоғары дәрежелі архивист Қ.Елекеева "Мекемедегі құжат айналымы, істерді қалыптастыру, рәсімдеу, істер номенклатурасын құру, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мекеменің ведомстволық архивіне өткізу тәртібі" туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.