+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АЛҒЫС АЙТУ – АБЗАЛ ІС

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында танымал журналист, «Алтын алқа» баспасының директоры, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, қоғам белсендісі Әсет Әссандимен кездесу кеші өтті.
Бұл кездесу кешінің ерекшелігі - кеш кейіпкері жеткен жетістіктері мен бойындағы қадір-қасиетін жастарға аманаттайтын жарқын, рухани кеш болды.
Шығармашылық кездесу кешіне Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, мәдени мекемелер, Шымкент қалалық білім басқармасы, облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері, Әсет ағаның әріптестері, замандастары, шәкірттері мен отбасы қатысып, кеш иесіне деген жүрекжарды, ақ тілектерін арнады.
Кеш барысында өзінің жазған дүниесі мен туындылары арқылы жан-жағына әсер қалдырып, түрлі ойлар салдыра алатын талантты журналист Әсет Әссандидің шығармашыл тұлғасы мен азаматтық келбеті сөз етілді.