+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

2019 жылғы 28 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «2019 жыл – Жастар жылына» орай «Жастар – қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Жастарға арналған кеш «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың ғылыми істер жөніндегі директор орынбасары Г.Алпысбаеваның алғы сөзінен басталды.
Кешке қатысушы жастар қазақ әдебиеті классиктерінің жастарға арнаған өлеңдерін оқып, өз шығармашылықтарынан жырларын арнады.
Шарада Шымкент политехникалық колледжінің студенті, жас ақын Аманғали Керімбеков жастарға арнауын тарту етіп, қоғамдағы жастардың рөлін жырмен жеткізді.
Республикалық жас тарихшы ғалымдар одағының мүшесі А.Оралова тарих өткелдеріндегі жас тұлғалардың қоғамды дамытудағы ерен еңбектеріне тоқтала келе, бүгінгі тәуелсіз елдің жастарына сенім білдіретіндігін жеткізді.
Шара соңына қарай кітапханашы Г.Қайықбаева жастарға ізгі тілектерін арнап, іс-шараны қорытындылады.