+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мейірімділік - тосынсый» және «Кикілжіңді шешу жолдары» тақырыптарында семинар-тренинг өтті

Қатар орналасқан Шымкент химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен «Отырар» кітапханасы жан-жақты тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл жолы кітапхананың кезекті кәсіби біліктілігін көтеру сабағында НЗМ психологтары А.Санбаева, Ж.Арынбаева, М.Жаримбетова кітапхана қызметкерлеріне «Мейірімділік - тосынсый» және «Кикілжіңді шешу жолдары» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді. Еркін форматта, кері байланыс негіздеріне сүйене отырып, ойын, жаттығу, ашық әңгіме-сұхбат, пікірлесу түрінде өткен тренингке қатысушы кітапханашылар бір сергіп, жан-жақты кеңес алып, тұлғалық тұрғыда дамуға мотивация алды. Тренинг соңында ітапхана директоры К.Айдарбекова Назарбаев зияткерлік мектебінің мамандарына алғысын жеткізіп, қонақтарға өзінің «Әкеге құрмет» атты жаңа кітабын тарту етті.