+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де»

2019 жылы 26 ақпан күні Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат ТҮРКСОЙ бойынша Мұхтар Әуезов жылына арналған «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де» атты әдеби кеші өтті. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты,жазушы Е.Т.Тұрысовқа сөз беріліп, үш жылдай дос болып Мұхтар Әуезовтің – тек қана қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің қайталанбас ұлы тұлғасы екендігін айтты. Филология ғылымдарының кандидаты, Шымкент Университетінің оқытушысы Қарлығаш Нұрымоваға сөз кезегі беріліп, әрі қарай Шымкент студентері шығармаларынан үзінді оқып, әнмен жалғастырды. №90 мектептегі Оқушылардың ғылыми қоғам жетекшісі Әмзеева Фариза Балдырғанқызы, жазушының өмірбаянымен таныстырды. №62 Н.Төреқұлов атындағы мектептің мұғалімі Кекилова Жадра Ерсінқызы сөйлеп, оқушылары жазушының шығармаларына талдау жасады. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, жазушы ғылыми хатшымыз Зылиха Жантасова сөз кезегінде қонақтарға алғысын айтып, алғыс хаттармен марапаттады.