+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Тарихи тұлға – Тұрар Рысқұлов"

2019 жылдың 20 ақпан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы мен кітапхана ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет қайраткері, қазақ халқының көрнекті перзенті Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған "Тарихи тұлға – Тұрар Рысқұлов" атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Танымдық кеш барысында мектептің белсенді оқушылары екі топқа (Тарихшы және әдебиетші) бөлініп, шебер жазушы Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романына шолу жасап, өз ойларын айтып, талқыға салды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары "Ұлы тұлғаларға тағзым" атты арнау өлеңдерін оқыды.