+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ!

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының "Қошқар мен теке" толықметражды анимациялық фильмі көрсетілді. Фильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналды.
Фильмді көрсетудегі негізгі мақсат – балаларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлермен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру.
Бұл іс-шара «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының балаларға кино көрсету бойынша қол қойылған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Екіжақты келісімнің нәтижесінде балалар қызыға тамашалайтын туындылар алда да көрсетілетін болады.