+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы даланың құндылықтары»

2019 жылдың 21 ақпан күні Қазақстан мемлекеттік университеті және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының бірігіп ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Ұлы даланың құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Аталмыш іс-шараға «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Ұлы дала елінің рухани құндылықтарымен таныстыратын кітап көрмесін ұсынды.
Конференция қатысушылары зор қызығушылықпен танысқан кітап көрмесіне Ұлы даланың тарихын қалыптастырған қазақ сахарасының ұлы тұлғалары, хас батырларымыз бен хандарымыз, кешегі Әз Тәукенің «Жеті жарғысынан» бастау алатын қазақ даласындағы құқықтық нормалармен, Қазақ халқының рухани байлықтарымен таныстыратын кітаптар қойылды.