+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы даланың жеті қыры»

2019 жылдың 21 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында талқылау өтті.
Шараға №90 жалпы орта мектептің директоры А.Орынбеков, ОҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев, "Нұр Отан" партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, журналист Әбдез Рахманұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тарихшы мамандары қатысып, тақырып аясында жайында ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.