Тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен жастардың кездесуі өтті
2019 жылдың 15 ақпан күні тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен жастардың кездесуі өтті. Кездесу барысында бала тәрбиесі, мемлекеттік тіл мәртебесі, отбасы бақыты, жастар саясаты мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қоғам қайраткері отбасының ең негізгі құндылықтары – ұлттық дәстүрлерімізді сақтау, үлкендерді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, кішілерге қамқорлық көрсету, білім беру сабақтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жастармен пікір бөлісті.
Жастар тарапынан Оразкүл Асанғазықызына көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұщымды жауаптарын алды.