+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АУҒАН СОҒЫСЫНА 30 ЖЫЛ!

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, олардың бойында патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың 13 ақпан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысқан Ауған соғысының ардагерлері Абдрасилов Қайрат, Абдубайтов Амангелді, Әбдешов Қайрат, Давлетов Юсуф, Ишпанов Мұрат, Клязьмин Виктор, Метеров Ердос, Оразбаев Асқар, Рахмеев Рашид, Майқанов Ғалым, Нұрсейітов Әділхан бақытты кезеңде ғұмыр кешіп жатқан жастарға Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетінің теңдесі жоқ екендігін жеткізді. Сонымен қатар, №7 мектеп оқушысы Мейранбек Альбина "Қазақ елі осындай" әнін орындаса, "Өнер" мектебінің оқушылары дәстрүрлі ән мен жырдан шашу шашты.