+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сәрсен Бек Сахабатпен шығармашылық кездесу кеші өтті

2019 жылдың 13 ақпан күні Шымкент қалалық "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын, жазушы, түркітанушы Сәрсен Бек Сахабатпен шығармашылық кездесу кеші өтті. Әдеби кешке ақынның үзеңгілес-қаламдас достары мен оқырмандары және кітапхана қызметкерлері арнайы жиналды. Сонымен қатар, айтыскер-ақын Анар Жаппарқұлова кеш иесіне арнау жолдарын айтты.
Бүгінге дейін Сәрсен Бек Сахабат Нәзір Төреқұловтың өміржолын зерттеп, ғылыми шығармалар да жазған. Осылайша, көпшілік арасында "Нәзіртанушы" деген атпен танылған.
Айтулы кеш аясында Сәрсен Бек Сахабаттың шығармашылығынан сыр шертер көрме де көпшілік назарына ұсынылды.
Түркітаншуы С.Сахабат 1971 жылы орта мектепті бітірісімен Кеңес Армиясының қатарында болған. 1975–1979 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институты филология факультетінің студенті, Мемлекеттік Кітап палатасында библиограф, «Кентау Правдасы» газетінде аудармашы, 1991–1995 жж. «Жібек жолы» журналында тілші, 1995–2004 жж. Халықаралық «Нәзір қорының» вице-президенті, «Темірқазық» журналының Бас редакторы, «Мәдениет» газетінің Бас редакторы болған.