+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Болар елдің баласы"

Отырар кітапханасында" айтыскер-ақын, "Дарын" сыйлығының иегері Біржан Байтуовпен "Болар елдің баласы" атты кездесу кеші өтті. Айтулы жиынға ақынның туыстары, үзеңгілес достары, шәкірттері мен студент жастар қатысты. "Отырар кітапханасының" директоры, белгілі қаламгер, "Құрмет" орденінің иегері Күлия Айдарбекова әсерлі жүргізген кездесу барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбіп, жиылған жұртқа кеш иесі білгені мен көргені, өмірде жеткен жетістіктері жайында сыр бөлісті.