"Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін"
Құрметті әріптестер, оңтүстік астанамыз – Алматыдан ақжолтай хабар келді. ЭКСПО-2017 аясында Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Жазушылар одағының және Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп жатқан Халықаралық Биенналеде "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, белгілі мәдениеттанушы, "Құрмет" орденінің, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Күлия Смайылханқызы Айдарбекова "Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" медалімен марапатталды. Мұндай зор марапатқа 6 адам ғана ие болды, оның ішінде Қазақстаннан жазушы Сәбит Досанов пен біздің кітапхана басшысы Күлия Смайылханқызы.
Жалпы Биенналеде әлемнің 24 елінен жазушылар, журналистер, мәдениеттанушылар, кітапханашылар бас қосты. Сондай-ақ, БҰҰ, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, т.б. халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда.
Күлия Смайылханқызын халықаралық басқосу төрінен көрініп, еңбегінің еленуімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Жөні бөлек, жосығы ерек бұл марапат арманыңызға қанат байлап, шабытыңызға шабыт қоссын!!! Кітап мәдениетіне аянбай қызмет ете беруіңізге тілектеспіз!!!