+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай"

2019 жылдың 9 ақпан күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 88 жыл толуына орай "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай" тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында бар ғұмырын поэзияға арнаған лирик ақынның өмір жолымен танысып, "Халқыма хат", "Бақытыңды жырлайды", "Жаным, сен жасымағын", "Құмартып қайран сәттерге", т.б. өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Көзі тірісінде бірнеше кітабы жарыққа шыққан лирик заманында құрметке бөленбеді. Алайда, оның шеберлігіне тәнті болған қаламгерлер мен үзеңгілестері жоғары бағасын берген.
Ақынның қалам тербемеген тақырыбы жоқтың қасы. Қай жырын оқысаңыз да, одан өзіңізді табасыз. Поэзия тілінің құдіреті, күші – сонда. Ол – сонысымен ғұмырлық, мәңгілік!