+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Кедергісіз кітап"

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының және "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қабылданған "Кедергісіз кітап" әлеуметті жобасының аясында 2019 жылдың 7 ақпан күні ИЧ 167/11 түзету мекемесінде жылжымалы кітапхана пунктін ашу, кітапты ешқандай шекарасыз әрбір қазақстандық азаматқа қолжетімді ету, жазасын өтеуші азаматтардың ақын-жазушылармен сыр-сұхбат кездесу кешін ұйымдастыру мақсатында іс-шара өткізілді.
"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Гүлмира Алпысбаеваның алғы сөзімен басталған іс-шараға фантаст жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері Сарманбай Исақ, журналист, жазушы, сатирик, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің тілшісі Сабырбек Олжабай, ИЧ 167/11 түзету мекемесі басшысының орынбасары, әділет подполковнигі Булгаков Бақыт Бөрібекұлы мен түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар қатысты. Іс-шара барысында кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы С.Байдуллаева түзету мекемесінің кітапханасына берілетін кітаптардың "Кітап – рухани қазына" көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық Мәдениет үйінің әртістері Изенова Мөлдір мен Хабдразақ Тәттімбет әсем әндер тарту етіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.