Тоталитарлық озбыр саясат жүргізген қудалаудың салдарынан құрбан болған жазықсыз жандардың рухын ардақ тұту мақсатында бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Кенбаевтар әулетіне арналған «Арманда қалған арыстар» атты еске алу кеші өтті.
Сондай-ақ кеште Кенбаевтар әулетінің ұрпағы Қайрат Бурахановтың «Ақ сұңқарлар» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Сол зұлмат заманда Кенбаевтар әулетінің 10 азаматы жазықсыздан жазықсыз шейіт болған. Шара барысында «Зұлмат» фильмі көпшілік назарына ұсынылды.