№78 жалпы орта мектебінің саяхаты
Қаламыздағы №78 жалпы орта мектебінің 1 және 4 сынып оқушылары өздерінің жазғы демалысының бір күнін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен танысуға арнады. №78 жалпы орта мектебі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы бірігіп ұйымдастырған саяхаттың мақсаты - өскелең жас ұрпақты интернетке тәуелділіктен арылту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, мәдени және білім деңгейін көтеру, кітапхананы насихаттау.
Оқушылар кітапхана әлеміне саяхат жасап, «Ақерке» балалар залындағы әлем және қазақ балалар әдебиетімен танысты. Кітапханаға алғаш келіп тұрған балалар кітаптарға аса қызығушылықпен қарап, үлкен әсер алды. Балаларға кітапхана туралы, кітапхана ережесі туралы айтып берілді.
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. «Ақерке» балалар залында балалар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнап, сурет салады, кино залынан кино да көруге болады. Сондай-ақ кітапханада балаларға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады.