+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Бір ел - бір кітап - 2019»

2018 жылғы 25 қаңтар күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел - бір кітап - 2019» республикалық акциясы аясында әдеби кеш өтті.
Кеште жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов, ардагер ұстаз Г.Шерімбетова республикалық акция негізінде таңдалған ақын-жазушылардың туындылары мен өмір жолы жайында жан-жақты баяндады. Лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын Ә.Тәжібаевтың поэзиясы жайында ақын Нармахан Бегалыұлы баяндама жасап, жастарды кітап оқуға үндеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы А.Ануарова Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына әдеби талдау жасап, «Жазушы бұл туындысында философиялық, психологиялық терендікті темірқазық етіп алған» деп баға берді.
Жас ақын Қ.Сарыбаев жиылған оқырман қауымға ақындарға деген арнауын тарту етіп, қатысушы жастарды жыл кітаптарын оқуға шақырды.
Ақын Әбілда Тәжібаев білім алған №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қазақ әдебиеті классигінің шығармаларынан әдеби композиция орындап, ән шырқап, қазақтың қара домбырасынан сыр шертті.