+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Күлия Айдарбекованың шығармашылығына арналған кездесу кеш өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында 2019 жылдың 29 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-құрылыс колледжінде Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекованың шығармашылығына арналған кездесу кеш өткізілді. Шығармашылық кешке қатысқан білім ордасының ұстаздары мен студенттері кеш қонағы Күлия Смайылханқызының шығармашылық жолы жайында сауалдар қойып, оқырманның жүрегінен орын ала білген "Әкеге құрмет" кітабымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, кітапханамыздың ғылыми хатшысы Зылиха Жантасова кеш авторының "Әкеге құрмет" кітабына жеке тоқталып, кеңінен талдау жасады.