"Адам бол да, мал тап"
2019 жылдың 24 қаңтар күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ғалым, абайтанушы, қазақ руханияты және онымен біте қайнасқан ұлттық идеология мәселесіне де аса дем беріп, пікір білдіріп жүрген тұлға Омар Жәлелұлымен бейресми кездесу кеші өтті. Кеш барысында Омар Жәлелұлы адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмысын, ар мен абыройын сақтап қалудың жолында бағыт-бағдар беретін хакім Абайдың "Адам бол да, мал тап" қағидасына негізделген және жаратушы мен иман, пенде, хал ілімі жайында ұтымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, өзінің әрбір сөзіне Абай, Шәкәрім, Мәшһүрдің қанатты сөздерін қоса сөйлеген ғалым қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер, бала тәрбиесі, отбасы туралы ғибратты әңгімелер айтты.