+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Латын Әліпбиі - рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығының негізі»

2019 жылдың 23 қаңтар күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Латын Әліпбиі - рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығының негізі» атты талқылау өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының мамандары, №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы мен №69 жалпы орта мектебінің ұстаздары, кітапханашылар қатысты. Шараға қатысушылар латын әліпбиіне қатысты ойларын ортаға салып, латын тілін меңгеру мен оқытудың кейбір мәселелері аясында пікір алмасты.