2019 жылдың 22 қаңтар күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қаламгерлер мен оқырмандар қауымы, қалалық кітапханалар өкілдерінің қатысуымен "Даму векторы – цифрлық Қазақстан" тақырыбында кең ауқымды шара өткізілді.
Шара барысында "Цифрлық Қазақстан", "Ақпараттық Қазақстан" бағдарламалары мен "Нұр Отан" партиясының "Кітапхана – білім орталығы" жобасы аясында кітапханадағы жұмыстардың жандануы, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының цифрлық, мобильді, смарт-кітапхана ретінде дамуы мен "Бір өлке – бір кітап 2018" акциясы қорытындыланды.
Сондай-ақ, қаламы ұшқыр жазушылар мен қалалық кітапхана өкілдерінің бірауыздан қолдауымен проза жанры бойынша Қ.Қазиевтің "Иманжапырақ" кітабы, поэзия жанры бойынша
Н.Бегалының "Жаз жалбыз" кітабы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев жария еткендей, "2019 жыл – Жастар жылы" болуына орай жас айтыскер-ақын Біржан Байтуовтың "Бізден де өтер жиырма бес..." кітабы "Жыл кітабы" болып таңдалды.