Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған "Аудандар көші – кітапханада" атты жобасы аясында Сайрам ауданының әкім орынбасары Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сейдуалы Өмірәлі Темирбаев бастап келген Сайрам аудандық кітапханалар жүйесі "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында көне Сайрам өлкесінің мәдениетін, әдебиетін, тарихын, шаруашылығын, кітапхана саласының жұмысын паш еткізу мақсатында кітап көрмесін жасақтап, әдеби-сазды кеш өткізді. "Отырар" кітапханасының ауласында "Ақсу" ұлт аспаптар оркестрі мен "Ғұнча" халық ансамблінің өнерлерімен қонақтарды күтіп алудан басталған іс-шараға ауданның 7 этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Кеште Сайрам ауданы туралы ән-жыр айтылып, "Қожа Ахмет Яссауидің туған жерге тағзымы" атты сахналық қойылым қойылып, жергілікті ақын Баян Тіленшинаның сөзіне, аудандық орталық кітапхананың қызметкері Алтынай Лесованың әніне жазылған "Кітапхана" әні алғаш рет орындалды.
Кешке қатысқан қонақтарға естен кетпес әсер қалдырған сайрамдықтарға алғысымыз шексіз!