+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Көшкінбай Елікбаев "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына "Намыс оты" атты кітабын табыстады

2019 жылдың 21 қаңтар күні Н.К.Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты, "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", Оңтүстік Қазақстан облысы "Құрмет" грамотасының иегері, жоғары дәрежелі мұғалім Көшкінбай Елікбаев "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қонақта болып, кітапхана қорына "Намыс оты" атты кітабын тапсырды. "Асыл кітап" баспасында басылған кітапта автордың әр жылдары баспасөзде жарияланған әңгімелері, балаларға арналған дүниелері және еліміздің асыл азаматтары жайлы естеліктері, эсселері енгізілген.