2019 жылдың 21 қаңтар күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Кім боламын?" атты мамандық таңдау барысында танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатқа республикалық қайырымдылық мекемелер директорлары кеңесінің төрағасы, дінтанушы, жоғары категориялы педагог Амангелді Есей және "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің балетмейстері Халикбердиева Нилуфар, балалар жазушысы Ерлан Кемеңгерші арнайы қонаққа келіп, өз мамандықтарында жеткен жетістіктері жайында сөз етіп, балаларға мамандық таңдау барысында қателік жасамауын сөз етті. Сондай-ақ, шара барысында Назира Жұмабекқызы жетешілік етіп отырған домбыра үйірмесінің балалары "Келіншек" және "Серпер" күйлерін орындады.