+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Тарихтан тәбәрік"

2019 жылдың 16 қаңтар күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында мәдениет қызметкері Меруерт Жұмалиевамен "Тарихтан тәбәрік" атты ғибратты танымдық кездесу кеші өтті. Кітапхана директоры Күлия Смайылханқызының алғы сөзімен басталған шараға сыныптастары, үзеңгілес достары, туыстары, бауырлары, шәкірттері мен әріптестері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Кеш барысында М.Жұмалиеваның өмірі мен шығармашылығына арналған "Келестен шыққан Меруерт" атты бейнекөрсетілім көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Әділет Ырысбекова "Келесім – сағынышым" және "Ақ Келесім" әнін орындады. Кеш соңында мәдениет саласында 40 жылдан астам еңбек еткен М.Жұмалиеваға кітапхана директоры Алғыс хат табыс етті.