+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Жақсы көретін кітаптармен таныс беттер»

2019 жылдың 16 қаңтар күні "Жас Отан" Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасында "Bilim ortalygy" жобасы аясында "BILIMFEST" ашық есік күніне орай «Bookdating», «Жақсы көретін кітаптармен таныс беттер» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті. Бұл кездесуге Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Құралов Аюбай Құралұлы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Талғат Әмірбекұлы қатысып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Құралов Аюбай Құралұлы отыз жыл білімге арнап жазған кітаптарымен студенттерді таныстырып, жастарға сыйға тартты.