+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты қолдаудағы медиация институтының маңызы»

2019 жылдың 8 қаңтар күні Шымкент қалалық "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасында "Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Кожахметова Гульжан Бектаевнаның төрағалығымен «Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты қолдаудағы медиация институтының маңызы» тақырыбындағы семинар өтті. Мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуымен өткен семинарда медиация институттарының маңыздылығы, қоғамдағы дауды шешудің жолдарының тиімділігі қарастырылды.