+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қаратау қыраны»

2019 жылы 10 қаңтарда "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Рахым Балабиевтің 80 жылдығына арналған «Қаратау қыраны» атты пікірлесу кеші өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхананың музей-кабинетінде жергілікті ақын Рахым Балабиевтің жырлары насихатталды. Іс-шараға №72,130 мектеп оқушылары, тұрақты оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысып, оқушылар өн бойындағы талантын халықтың игілігіне арнаған сан қырлы өнер иесінің «Кентауым», «Түркістан», «Киелі Мекке», «Ақсақ қыз тағдыры» атты өлеңдерінен оқырмандар үзінділер оқыды. өлеңдерін мәнерлеп оқыды.