+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ"

2018 жылғы 11 қаңтар күні "Ақерке" балалар залында табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында "Табиғатты аялайық" тақырыбында танымдық сағат өтті. Тәрбие сағатында Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, санитарлық-эпидомогиялық қадағалау саласында қызмет атқарған Б.Абдилаев, мәдениет саласының қызметкері, әже Меруерт Жұмалиева сөз алып, табиғатты қорғау әр азаматтың парызы екендігін айта келе, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу мәселесін тарқата айтты. Бала оқырмандар тақырып аясында жырларын айтып, қанатты сөздерді көпшілік назарына ұсынды.