"Біз өз құқығымызды білеміз бе?"
2019 жылдың 14 қаңтар күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында "Біз өз құқығымызды білеміз бе?" атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында адам құқығы, неке және отбасы жайындағы, заңға байланысты кітаптардан көрме ұйымдастырылды.