+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторы мен №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.
Қатысушы оқушылар тақырып аясында өлең жолдарын оқып, ән шырқап, күй шертті, сондай-ақ, еркіндікті сүйетін азат еліміздің бүгінгі таңдағы жетістіктері жайында көрініс қойды.